Шымкенттегі кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыштар ашылды

609

 

Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі жастар ертеңгі елдің болашағы. Болашақ мамандардың заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына қажетті ресурсты кітапханадан табуға болады.

Осы орайда, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Шымкент қаласындағы 5 кітапханада, атап айтқанда, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында, қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі, қалалық жасөспірімдер және қалалық көзi көрмейтiн және әлсiз көретiн азаматтарға арналған арнайы кiтапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыштар ашылды.

Аталған бұрыштарға осы тақырыптағы түрлі газет, журналдар, кітаптар қойылып, оқырманның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық, адалдық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарындағы материалдарды бір жерден алуына мүмкіндік берді. Яғни, оқырмандар ақпаратты іздеп жүрмей, қажетті мәліметтер қолжетімді әрі адамдардың уақытын үнемдейтін болады.