Бүгін Түркістан қаласында «Түркістан жүрегімде!» атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Сақ» киностудиясы түсірген кино-новеллада түркістандықтар мен қонақтардың арасындағы өзара достық қатынастар кеңінен көрсетілген.

Елжандылық, Отансүйгіштік, төл тарихты ардақтауды көрермен бойына қаланың тыныс-тіршілігі көрсетіледі. Төрт бөлімнен тұратын фильмдегі рөлдерді Дәурен Әбиев, Рулан Нұғман, Сапара Әлайдарова, Лаура Мақашава сомдаған. Ал, фильмнің бас режиссері Нуриддин Паттеев, Фурхат Сайпов.

Кинотуындыны көрермен қауым жылы қабылдап, ризашылықтарын білдірді.