Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде тұтынушыларды қабылдау күні өтті.

Іс-шараға  монополистер, кәсіпкерлік палатасы, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы өкілдері қатысты. Өз құқығын қорғауға келгенде шымкенттіктер белсенділік танытпады. Арызданған 6 азаматтың бірқатары тұтынған көгілдір отынға асыра көрсетілген сомаларға шағымдануда. Бұдан бөлек, «Шымкентситидегі» жаңа баспанлардағы тұрғындар жылуға төлем тым қымбат екенін айтып арызданған.
Салима Бопова, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Арыздардың барлығы хаттамаға енгізілді».

«ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің жергілікті  мекемесінің өкілі арыздар бойынша мүмкіндігінше тиісті бөлімдерге телефон соғып, мән-жайды анықтау бойынша тапсырма берді. Тұтынған газға төлемдерді асыра көрсеткен сомалар бойынша маман тексеріс болатынын жеткізді.

Ал «Қуатжылуорталығы-3» мекемесіндегілер жылуға тариф өзгермегенін және тарифтің былтырғы жылдағыдай есептелмейтінін, биыл  әр айда  тариф өзгермелі мәселен, қаңтарда шаршы метрі алаңына 142 теңге төлесе, ақпанда 117.26, ал наурызда 73,65 тиын, жалпы жылу тарифі 110,78 теңге екенін айтып берді.

Тағы бір ескеретін жәйт, «Шымкентситидегі» жаңа үйлердегі жылуға төлемдер бойынша. Баспана 2010 жылы бой көтерген. Сондықтан да ол кезде жобалық-сметалық құжатта  жылу есептегіш құрылғылары қаралмаған. Баспана жалдамалы болғандықтан, әкімдік тарапы есептегіш құрылғыларын орнатуы тиіс. Тағы бір ескеретін жәйт,  тұтынған жылудың бағасы бұл жаңа үйлерде бөлмелердің шаршы метріне қарай есептелінеді».

Тұрғындардың назарына: 3 наурызда сағат 15:00-18:00 аралығында  Диваев көшесі, 142 мекенжайында орналасқан  табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінде  тұтынушыларды  қабылдау  күні өтеді. Қабылдауды монополистер субъекті, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, «Нұр Отан»  партиясының Шымкент қалалық филиалы  өкілдері жүргізеді.

Шынар Оразова