Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жетісай қалалық әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ол жергілікті тұрғыннан – кәсіпкерден – шағын және орта кәсіп ашу мақсатында жер телімін бергені үшін жалпы сомадан 530 мың теңге алды деген күдікке ілінген», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Тергеу шаралары жалғасады, нақты шешімді сот шығарады.