фото нұр,кз

Адам өлімімен аяқталған жол көлік оқиғасы 7 ақпан күні Шымкент қаласында орын алды. Жол айырығында іске қосылған қауіпсіздік жастығы бұл апатты адам шығынысыз өтуіне көмек етпеді.

Оқиғада «Лада Приора» мен «Ниссан алмера» көлігімен соқтығысқан. Сол жерден алынған алдын ала мәлімет бойынша, «Ниссан» автокөлігі әуежай жаққа Тамерлан тас жолы бойымен қозғалып келе жатқанда, Жиделі байсын көшесінің қиылысында оң жақтан «Лада приора» қатты жылдамдықпен келіп, қиылыста бір-бірімен соқтығысады. Бұл апаттың басты себебі болды. Соққы «Ниссан альмераның» бүйіріне тиді.Оқиға орнына жедел түрде дәрігерлер мен полиция қызметкерлері шақыртылды.

Оқиғаның үш қатысушысы зардап шекті. Оның екі жүргізушісі мен бір жолаушысы шұғыл ауруханаға жатқызылды. Кейін «Ниссанның» жүргізушісі алған жарақатынан есін жинамастан реанимация бөлімінде көз жұмды. Келген полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Нұрлан Сұлтанбек