Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302 болды, деп хабарлайдыcoronavirus2020.kz.
30 наурызда сағат 18:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтыруға қатысты тағы 8 оқиға тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында — 1 адам, Қарағанды облысында — 6 адам, Алматы облысында — 1 адам анықталды. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 168 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында — 13 адам, Ақмола облысында — 9 адам, Атырау облысы — 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 8 адам, Ақтөбе облысында — 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 5 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, жалпы 302 науқас тіркелді.