Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88 адамға жетті

42
фото inform.kz

26 наурыз сағат 08:25 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайдыcoronavirus2020.kz.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.