Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 66 болды

40

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 66-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Coronavirus2020.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, бүгін таңғы 09:00-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 66 болды. Нұр-Сұлтанда – 34, Алматыда – 28, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 және Ақтөбе облысында – 1 жағдай тіркелді.