Шымкент қаласының кезекті Қоғамдық кеңесіне көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша бірнеше мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, осы жылғашенеуіктердің тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасын тұрғындар арасында кеңінен насихаттауды күшейтіп, келіп түскен шағымдарды сапалы әрі жылдам шешу бойынша мәселе көтерілді.

Қазіргі таңда,мобильдік қосымшасын қолдану тәсілдері туралы 2 тілде бейнероликтер барлық ХҚКО, мемлекеттік кірістер басқармаларының экрандарында тұрақты көрсетілуде.

Мобилдік қосымша арқылы халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын, сыпайылық пен қызметкердің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар және оларды 5-балдық шкала бойынша ХҚКО, мемлекеттік кірістер, жұмыспен қамту және тест орталықтары мен соттар әкімшісінің қызметтеріне бағалау мүмкіншілігі қарастырылған.
Келіп түскен шағымдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депаратаменті тарапынан жедел назар аударылып, сапалы қарауын қадағалап, 5 минуттың ішінде кері байланыс орнатылуына ықпал етуде.

Осыған байланысты, отырыстамобильдік қосымшаны тұрғындар арасында көрнекі жерлерде баннер-билбордтарды орналастыру, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы көрсетілімдерді барынша арттыруды қолға алу ұсынылды.

Кеңесте аталған мәселелер толық талқыланып, нәтижесімен кеңес мүшелері, мүдделі органдар мен ұйымдар тарапынан түсіністік тауып, ортақ келісімге келіп, нақты шаралар қабылданатындығы шешілді.