Шымкентте полицияның жұмысы күшейтілді

449

Қаладағы төтенше жағдайға байланысты полиция қызметкерлері де күшейтілген жұмыс тәртібіне кірісті. Көпшілік және қоғамдық орындарды, базарлар мен жол бойларын бақылау үшін патрульдік полицияның тең жартысы автокөліктен түсіп, жаяу бағытта жүр. Маңызды ақпаратты жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы мәлімдеді.

Ерғали Сүлейменовтың айтуынша, қазіргі уақытта мектептердің шұғыл демалысқа шығуына орай, білім ұяларындағы ювеналды полицияның 140 инспекторы да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Ал тәртіп сақшыларының саулығы мен қауіпсіздігі үшін 2-3 сағат сайын қажетті медициналық бетперде және вирусқа қарсы дәрмектер жеткізіліп, жағдай бақылауға алыныпты.

Ерғали Сүлейменов

Ерғали Сүлейменов, Шымкент қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:»Қазіргі уақытта қоғамдық орындарда біздің жаяу бағыттарымыз көбейтілді.  Патрульдік полициядан 72 жаяу бағыт, сонымен қатар, бағдаршамның жанында 2 қызметкерден 48 бекетке жайғасқан. Сондай-ақ, штаб бойынша 369 учаскелік инспектордан қазіргі таңда 305 учаскелік инспектор қалада жұмыс атқарып жатыр. Ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан азаматтарға ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз».

Мөлдір Бекеева