Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыз 16:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелген.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша — 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, жалпы 80 науқас тіркелді.