Шымкенттегі «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» стелласы жөнделуде

405

 

«Шымкент – 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай қаланы абаттандыру жұмыстарына баса назар аударылуда.

Шымкент қаласының көркiне көрiк қосқан, мерейiн өсiрген Назарбаев даңғылы бойындағы «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» стелласына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары қала әкімдігі тарапынан жүргізілуде.

Еске сала кетсек, ұзындығы екі шақырымнан асатын көрікті даңғыл бойында су жаңа көпқабатты үйлер мен әкімшілік іскерлік орталық, театр және көптеген әлеуметтік нысандар орналасқан.