Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы стратегиялық маңызды нысандардың бірі»Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС сақтық шаралары қатаң сақталуда. Мекеме қызметкерлері жұмысқа келгенде арнайы құрылғымен тексеріліп, бетперде кию міндеттелген.
Коронавирус індетінің таралуына тоқсауыл қою мақсатында кәсіпорында суды тазартуға аса көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, мекеме басшылығы төтенше жағдай кезінде қарызы жиналып қалған азаматтарға су беруді тоқтатпайтынын мәлімдеді.
Шынар Оразова