Жұмысшыларды мәжбүрлеп еңбек дамылысына шығармау керек

297

«Жұмыс берушілер төтенше жағдайды сылтауратып, еңбеккерлерді мәжбүлеп демалысқа шығара алмайды. Жұмысшылардың айлығын қысқартқандар да қатаң жазаланады». Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы осылай дейді.

Бауыржан Қалжанов қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін жергілікті жұмыс берушілерге жұмыс тәртібін қайта қарауды ұсынды. Мұндай кезеңде қашықтықтықтан жұмыс істеу жүйесін тиімді пайдаланып, қысқартылған режимді қолдану қажет. Қандай жағдайда да жұмыс берушілерге жалақы заңға сай төленуі тиіс.

Бауыржан Қалжанов, Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы: «Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмысшылардың интернетке қосылу шығындарын жұмыс берушілермен келісілген жағдайда өтелуі керек. Жалақысы жұмысқа белгіленген уақыты бойынша төленеді».

Қазір мектептерде көктемгі каникул. Демалыс аяқталғанда, яғни сәуір айының басында мұғалімдер оқушыларды қашықтықтан оқыту әдісіне көшеді. Ұстаздарға да бұл аралықта толықтай жалақы төленуі тиіс. Төтенше жағдай кезінде мектеп әкімшілігі мен техникалық қызметкерлер жұмыс орнында болады.

Балмаржан Нарбекова, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары: «Мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісі мектепте болады. Мұғалімдер ғана қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшеді. Жалақыларын толық алады».

Мақпал Рысбаева