Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша бейтаныс азамат оның атынан жеке куәлігін пайдалана отырып, ғаламтор арқылы 75 000 теңге онлайн несие алған. Бүгінгі таңда ол қарызы 250 000 теңгеге жуықтап, көбейіп кеткен.

Аталған СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді. Арызданушының арызына сәйкес, орын алған алаяқтықты анықтау мақсатында Сарыағаш ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Куәгерлерден жауап алып, жиналған ақпарат көздері арқылы полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні тұрғынның арызынан соң, 1 күн ішінде өз үйінен ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.

Аталмыш қылмыстың ақ-қарасын анықтауға кіріскен тергеуші полиция лейтенанты Ерасыл Намазбаевтың анықтауынша, күдікті өзінің жымысқы ойын іске асыру мақсатында жәбірленушіден «туыстарым ақша салатын еді, каспи голдыңды бере тұрсаң» деп алдап алғаны белгілі болған. Оған қоса осыған ұқсас тағы 3 жайтқа қатысы бар болып шықты.

Бұл деректерде алаяқ жас жігіт жәбірленушінің біреуінің атынан 25 000 теңге, келесісінен 35 000 теңге, үшінші тұрғынның атынан 10 000 теңге несие алып, өз қажеттілігіне жаратып отырған. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.