Қазақстандық полицейлерге бір айлық жалақы көлемінде сыйақы беріледі

65

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттің Жарлығына сәйкес коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға тартылған ішкі істер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен ІІМ медициналық мекемелерінің медицина қызметкерлері бір айлық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақылармен ынталандырылатын болады», – деді Ішкі істер министрі. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.