Өнер байқаулары онлайн түрде өтуде

331

 

«Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысты. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған.

Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды. Барлық байқаулар Turkistan_jastary парақшасына жарияланады. Сайыста Байдібек ауданы мен Түркістан қаласының жастары топ жарды. Жүлделі орындарды Сарыағаш,Төлеби аудандарының жастары иеленді. Жеңімпаздарға облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Амалбек Өміртай бейне құттықтау жолдап, кәде сыйлар жолдады.

Сондай-ақ, облыста Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай, «Толқысын шартарап» республикалық өнер байқауы жарияланды. Байқауға еліміздің 14 пен 29 жасқа дейінгі композитор, ақын, әншілер топ құру арқылы қатыса алады. Үзздік орындалған 15 видео іріктеліп, тамыз айында композитордың мерейтой кешіне қатысуға жолдама алады.

Елімізде «Мархабат шыңы» республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауы жарияланды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұттың 75 жылдық мерейтойына қарсы, 25 мамырда қорытындыланады.

Айтыс өнерінің ақтаңгері Әселхан Қалыбекованың 70 жылдық мерейтойына тарту ретінде Отырар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, «Әселхан оқулары» облыстық жастар арасында өтетін көркем сөз бейнежазба байқауын жариялады. Өтінімдер 20 сәуірге дейін қабылданады. Қазылар алқасы watsapp желісі арқылы жеке чатта ақылдасу кезеңін өткізіп, 22 сәуір күні сағат 16:00-де otyrar_jastary парақшасында тікелей эфирде жеңімпаздарды анықтайды.

Түркістан облысының жастары алда өтетін байқауларға дайындықты онлайн түрде бастап кетті. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең, қара сөздердің мағынасын ерекше және ауқымды талдау бойынша «Абай оқулары» өнер байқауы өтпек.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі