COVID-19 жұқтырғандар Жетісай ауданының орталық ауруханасында оқшауланды

163
фото inform.kz

Бүгін Нұр – Сұлтан қаласынан келген коронавирус жұқтырған адамның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Вирус жұқтырған науқаспен байланысын тексеру барысында тағы 3 жағдай расталды.

Сондай-ақ, тексеру барысында оң нәтиже Алматы қаласынан келген емделушіден расталды. Эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар, адамдарды оқшаулау және зертханалық зерттеулер жүргізілді, олар медициналық бақылауда. Байланыс тұлғалары анықталды. Барлық жақын адамдар зертханалық тексеруден өтіп, карантиндік ауруханада оқшауланған.

31 наурыз күні дезинфекциялық қызметкерлер науқас адам тұрған үйді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Осы күні тәждітажал жұқтырған адам Жетісай ауданының орталық ауруханасында оқшауланған. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімшесінде жатыр. Жақын байланыста болғандар анықталу үстінде.

Коронавирус инфекциясы жайдаған елдерден келген 495 адам аймақтық мониторингтік бақылауға алынды.

Оның ішінде 1 «а» категориясындағы елдерден келген- 9 адам, 1 «б» категориясындағы елдерден – 486 адам.