Шымкенттік өрт сөндірушілер қаланы залалсыздандыруға кірісті

427

Шымкенттік өрт сөндірушілер де қаланы залалсыздандыруға көшті. Коммуналдық қызметкерлерге көмек көрсету үшін олар өрт сөндіру көлігімен шыққан. Барлығы 10 маман қаланың 4 көшесін аралап өтті.

Дезинфекциялау шарасына 5 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған. Осылайша қызыл жалынмен күресушілер төтенше жағдай кезінде инфекциямен күреске кірісті.

Қуаныш Арсланов, Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары: «Біз біргеміз» акциясы бойынша қаланы тазалауға кірістік. Залалсыздандыру жұмыстарын 4 көшеге жасамақпыз. Олар Қонаев даңғылы, Темірлан тас жолы, Қазыбек би көшесі мен Желтоқсан көшелері».

 

Назерке Үкібасова