Шымкенттік саудагерлер кассалық аппаратқа өтуге дайын емес

147

6-сәуірден бастап қаладағы сауда-саттық орындарының кассалық аппаратқа өтуі керектігі бірер күн бұрын белгілі болған еді. Бірақ, Шымкент саудагерлері мұны күні кеше білгенін айтады.

Терминал алуға ниеттенгендердің бірі – Махфуза Юсупова. 20 жылдан бері нан сатуды кәсібіне айналдырған саудагер аппараттың бағасын естіп жаға ұстапты. Сөзінше, 40 мыңнан басталып, 70 мыңға дейін жететін құрал құнын оның қалтасы көтермейді. Сондықтан да ол сауданы бұрынғыша жалғастыратынын айтады.

Махфуза Юсупова, саудагер: «Біз оннан алтыға дейін жұмыс істеп жатырмыз. Салығымыз бар. Нан сатып біз бар болғаны 5-10 теңге көреміз. Кассалық аппаратты сатып алуға қалтамыз көтермейді. Заңның өзін бүгін естідік. Біз бұл үрдіске әлі дайын емеспіз».

Еске сала кетейік, өткен аптаның соңында қала әкімдігі тағы да жаңа ереже бекіткен еді. Онда сауда жасау барысында қолма-қол ақшадан мейілінше бас тарту керектігі көрсетілген. Себебі әлемді жайлаған індеттің ақша арқылы да жұғуы мүмкін деген қауіп бар.

Назерке Үкібасова