Бір тәулікте 450 адамнан коронавирус табылды

86

Республикада коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 10 382 адамға жетті. Өткен тәулікте өсім 4,5 процент болды. Қазақстанда өткен тәулікте 450 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өсім 4,5% болғанын хабарлады.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 89 (4,8%),
Шымкент қаласы – 51 (6,7%),
Атырау облысы – 44 (4,5%),
Қарағанды облысы – 41 (5,2%),
Алматы қаласы – 37 (1,5%),
Батыс Қазақстан облысы – 36 (6,6%),
Ақтөбе облысы – 34 (11,2%),
Қостанай облысы – 29 (21,3%),
Алматы облысы – 23 (7,1%),
Шығыс Қазақстан облысы – 17 (17,5%),
Қызылорда облысы – 16 (4,8%),
Түркістан облысы – 10 (2,8%),
Павлодар облысы – 8 (4,1%),
Маңғыстау облысы – 7 (3,2%),
Жамбыл облысы – 5 (1,4%),
Солтүстік Қазақстан облысы – 3 (5,9%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 10 382. Індеттен 5057 адам жазылып шығып, 37 адам көз жұмды.