Бүгін – мектеп мерекесі, соңғы қоңырау салтанаты… Биылғы оқу жылының өзге жылдан ерекшелігі Үшінші Мегаполисте 25 мамырда барлық мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылды.

Шымкент қалалық білім басқармасы оқу жылының аяқталуына орай «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» атты онлайн форматындағы «Соңғы қоңырау» іс-шарасын ұйымдастырған болатын. Биылғы жылдың ерекшелігі әлемді жайлаған пандемияға байланысты, онлайн арқылы оқушылар қашықтан білім алғаны белгілі. Мерекелік бейнебайланыста Білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева дарынды оқушылармен және олардың ата-аналары, ұстаздарымен «ZOOM» платформасындағы әсерлі кездесу көптің көңілінен шықты .. Кездесу барысында Бас ұстаз мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдарлау, жаңа өмір жолының басталуына оң бағыттар мен мотивациялық қолдау білдіріп, алдағы сындарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, білім ордаларының бірқатар басшылары да өз кезегінде сөз алып, болашаққа қадам басқан түлектерді құттықтап, жүрекжарды тілектері ағытылды.

Мерекелік жиында мектеп бітіруші түлектердің «Ұстазыма мың алғыс!»- атты эстафеталық шеруі, «Ұстазым» әніне «Челлендж», «Түлектер жетістігі» халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалық ғылыми жоба спорттық, өнер сайыстарының жеңімпаздарын патриоттық рухқа тәрбиелеудегі тележобалары ұсынылып, әсерлі Онлайн соңғы қоңырау соңы «Ұстазым» әнімен өз мәресіне жетті.

Оған қоса, биыл алғаш рет шәкірттер мемлекеттік емтихансыз 25 мамыр күні жылдық қорытындымен 9 және 11 сынып оқушылары мемлекеттік аттестатқа ие болды.
2019-2020 оқу жылының қорытындысымен Үшінші Мегаполистегі 172 орта мектепте 222 037 оқушы білім алды. Ал, 8 885 мектеп бітіруші түлектер үшін өміріндегі маңызды сәттердің бірі болып табылатын «Соңғы қоңырау» онлайн форматында соғылады. Ең маңыздысы 11 жыл бойы үлгілі тәртібі мен озық білімімен ерекшеленген 546 түлек «Алтын белгі», 356 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Жалпы, 25 мамыр (икемді кесте бойынша) онлайн соңғы қоңырау әр сыныпта барлық оқушылардың қатысуымен өткізілді.