фото Stan.kz

Көшеде таяқ жеген екі баланың анасын бөтелкелесі ұрған. Бұл туралы қаланың полиция департаменті мәлемдеді.

Тергеу басқармасының басшысы Дәулет Абдремановтың сөзінше К. есімді азаматша кешқұрым бөтелкелестерімен спирттік ішімдік ішкен. Оның соңы түсініспеушілікке ұласып, төбелеспен аяқталған. Бүгінде әйелге жұдырық жұмсаған азамат тергеу абақтысында. Ал, таяқ жеген оның бөтелкелесі ауруханада жатыр.

Дәулет Абдреманов, Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы: «Қазір бұл іске байланысты қылмыстық іс қозғалды. Енді бөтелкелесін ұрған азамат 5 жылға дейін қамалуы мүмкін».

Еске сала кетейік, 10 маусым күні «Не молчи» қоғамдық қорының әлеуметтік желісінде екі баланың анасын көшеде зорлап, ұрып кеткені жарияланған еді. Жағдай 26-мамыр күні Шымкент көшелерінің бірінде орын алғаны да айтылған еді.

Назерке Үкібасова