ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова жұмыс сапарымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына келді.

Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар мен І және ІІ топ мүгедектеріне қызмет көрсететін стационарлық үлгідегі Орталықтың карантин кезіндегі жұмысымен танысып, қызмет алушылармен сұхбаттасты. Орталық қызметкерлері Орталықтың тыныс-тіршілігімен, қызмет алушыларға күнделікті көрсетілетін кепілдік берілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі бойынша сипаттап берді.

«Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен таныстырып өтті. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғанда қызмет алушылардың тұрмыстық жағдайлдары жақсарады (желдету жүйесі жаңңартылады).

Сондай ақ, Орталықтардың өтінімдері негізінде, Басқармамен олардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша Министрлікке ұсыныстар әзірленіп, жолданатындығы айтып өтті.