Қаладағы ескі автовокзал аумағындағы Ерманов көшесіндегі жол жаңалануда.
Мұнда мердігер мекеменің жұмысшылары жолдың бір бетіне асфальт төсеп, екінші жолақты тегістеуге дайындауда.
Ерманов көшесіндегі жұмыстар аяқталысымен мердігерлер «Оңтүстік» елді мекеніндегі Әлібеков көшесінің құрылысына кіріседі. Жобалық – сметалық құжат бойынша 1,5 шақырыдағы жол жаңаланбақ. Тапсырыс беруші қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен түзілген келісім бойынша егерде жөндеуден кейін жолда ақаулар орын алса, кепілдік мерзім 5 жылда мекеме өз есебінен ретке келтіреді.
Шынар Оразова