Úı Jańalyqtar «Qolda» індетке қарсы күрес жобасы

«Qolda» індетке қарсы күрес жобасы

«Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында COVID-19 күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді. AqJúrek жобасы басталғалы төрт ай ішінде 19 клиника мен медициналық орталыққа көмек көрсетілді.

AqJúrek бастамасының мақсаты – COVID-19 пандемиясы кезінде медицина қызметерлерін ыстық тамақпен, азық-түлікпен, жеке қорғаныс және гигиена құралдарымен қамтамасыз ету. Дағдарыс уақытында тамақты жеткізу және сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жеке қорғаныс құралдарын өндіру бойынша цех жұмысын ұйымдастыру арқылы жұмыс орындарын сақтауға және ашуға ықпал ету.
«Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында Еуразия Орталық Азия Қоры және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2306 түскі ас және 500 қорғаныс экраны жеткізілді.

Ыстық тамақпен Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық аурухана, Қазақстан санаторийі, ІІМ Госпиталі, Орталық қалалық клиникалық аурухана, №2 Балалар қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері қамтылды. Қорғаныс экрандары Орталық қалалық клиникалық аурухана мен Шу қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.2020 жылы 23 наурыз бен 28 маусым аралығында «Тауасар» қоғамдық қоры Еуразия Орталық Азия Қоры және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырып жатқан «Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында 2 230 000 теңге, Халықаралық фармацевтикалық компаниялар қауымдастығынан 2 000 000 теңге, Сорос-Қазақстан Қорынан 10 455 000 теңге, Kusto қорынан – 3 582 300 теңге, 458 жеке тұлғадан 7 543 333 теңге көлемінде қаражат жиналды.

Қаржы коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ыстық тамаққа (түскі және кешкі ас), азық-түлік, жеке қорғаныс және гигиена құралдарын алуға жұмсалды.

«#AqJúrek акциясына көмек қолын созған жомарт жандардың және ұйымдардың арқасында жүздеген дәрігерлер, санитарлар, мейірбикелер, жедел жәрдем қызметкерлері және басқа да медицина саласындағы қызметкерлер ыстық тамақ, ЖҚҚ ғана қамтылған жоқ, олар қазақстандықтардың қамқорлығын, қолдауын сезінді», дейді «Тауасар қоры» ҚҚ атқарушы директоры, AqJúrek жобасының үйлестірушісі Жандосова Ажар.

AqJúrek қайырымдылық бастамасы инфекциялық және провизорлық клиникалардағы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетумен шектелмеді. Жоба барысында карантин кезінде жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңа мүмкіндіктер беруге ықпал етті. Мәселен, AqJúrek бастамасы аясында клиникаларға берілген жеке қорғаныс құралдарын алматылық кәсіпкер, AqJurek тобының мүшесі Жандос Сейіт дайындады. Ол қолданыстағы стандарттарға сәйкес жеке қорғаныс құралдарын дайындаумен және тігумен айналысаты цех жұмысын іске қосты.

Естеріңізге сала кетейік, AqJúrek бастамасына Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен бірге карантиннің халыққа тигізетін кері әсерін төмендету, қоғамдық және еріктілер ұйымдарын қолдау, БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырып жатқан «Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында қаржылай қолдау көрсетілген болатын.

ОАЕҚ – Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» корпорациясы – дүниежүзіндегі ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлау, өндіру және тасымалдау; көлік отыны мен майлау материалдарын қайта өңдеу, өткізу, және тарату; мұнайхимия өнімдері мен қосымшаларды өндіру және сату; және компанияның әр саласындағы тиімділікті нығайту технологияларын жүзеге асырумен айналысамыз.

«Шеврон» Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жеке меншік мұнай өндіруші және елдегі екі ең ірі кен орны – Теңіз және Қарашығанақ жобалары акцияларының едәуір бөлігіне ие. Сондай-ақ, «Шеврон» Каспий құбыржелісі консорциумының ең ірі жеке меншік акционері, сонымен қатар, Атыраудағы полиэтилен құбырлар зауытына иелік етеді.

Exit mobile version