Úı ANONS Сайрамдық кәсіпкерлер ауруханаға 20-ға жуық тыныс алу аппаратын сыйлады

Сайрамдық кәсіпкерлер ауруханаға 20-ға жуық тыныс алу аппаратын сыйлады

 

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны, ерікті Б.Хасантаевтың бастамасымен сайрамдық кәсіпкерлер 5 млн теңге көлемінде қаржы жинап, оның 3,5 млн теңгесіне 19 Бобров медициналық тыныс алу құрылғыларын сатып алған.

Өкпе қабынуына, коронавирус індетіне шалдыққан науқастарға аса қажетті құрылғылар аудандық орталық ауруханаларға орнатылды.

Еріктілер қажетті медициналық құрылғыларды Алматы қаласынан алып келген. Сондай-ақ, оттегі баллондарын толтыру жұмыстары да атсалысуда.
Кәсіпкерлер демеушілігінен артылған қаражатқа ауруханаға азық-түлік алынды. Себебі, оннда емделушілермен қатар, қауіпті дертті емдейтін медицина қызметкерлері де 14 күнге дейін үйінен оқшауланып, сонда қызмет көрсетіп келеді.

Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша Ақсукент және Қарабұлақ орталық ауруханаларында 87 орын бар. Қосымша Қарабұлақ ауылындағы «САПА» жекеменшік медициналық орталығынан тағы 30 орын ашылған.

 

Exit mobile version