Қайта куәландырудан өтпеген мүгедектерге мерзім 3 айға автоматты түрде ұзартылды

122

Республика аумағында карантин шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдады

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін карантиндік шараларды сақтау мақсатында, қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін бір ай бұрын және оның қолданылу кезеңінде (16 ақпаннан бастап 10 мамырға дейін қоса алғанда) және қайта куәландырудан өтпеген мүгедектерге мүгедектік мерзімі қайта куәландырудың белгіленген күнінен бастап 3 айға автоматты түрде ұзартылды.

 

Мүгедектікті автоматты түрде ұзарту медициналық-әлеуметтік сараптамаға құжаттарды ресімдеу барысында адамдардың жиналуын болдырмауға және азаматтардың жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын белгілеуді МӘС бөлімдері «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландырылатын адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізеді».

Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген және көрсетілген мерзімде қайта куәландырудан өтпеген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері қайта куәландырудың бұрын белгіленген күнінен бастап үш айға автоматты түрде ұзартылады. Төтенше жағдай режимі аяқталған ай толық есепке алынады.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шектеу шаралары, оның ішінде карантин сақталған кезеңде, он алты және он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды қоспағанда, қайта куәландыру күні жоғарыда көрсетілген кезеңге сәйкес келетін, қайта куәландырудан өтпеген адамдарға мүгедектік мерзімдерінің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі мен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының бұрын белгіленген үш айға ай сайын автоматты түрде ұзартылуы жүзеге асырылады.

Он алты және он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды қайта куәландыру қолда бар құжаттардың негізінде және алдыңғы куәландыру деректеріне сәйкес тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі ескеріле отырып, сырттай жүргізіледі.

Куәландырылатын тұлға немесе оның заңды өкілі МӘС бөлімінің сараптамалық қорытынды нәтижесіне шағымданған жағдайда, МӘС әдіснама және бақылау бөлімі ұсынылған құжаттар және МӘС актісінің негізінде сырттай куәландыру жүргізеді.
Сондай-ақ, денсаулық жағдайы өзгерген жағдай болса, мүгедектер мүгедектіктің/еңбек ету қабілетінен айырылудың белгіленген мерзімінен бұрын қайта куәландырудан өтуге құқылы. Қайта куәландыруды қайта куәландырудың тағайындалған мерзімі күнінен бастап бір ай ішінде өту қажет.

Ескерте кетсек, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.Тулебаевтың қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 3 тамыздан бастап 2020 жылғы 17 тамызға дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Осыған орай, Департамент тарапынан көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асатын болады.