Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Жусансай ауыл тұрғындары 10 жылдан бері алкогольды сусын ішпей, шылым шекпей келеді. Осылайша олар отбасының берекесін келтіріп, шаңырақтарының берік болуына жол тапқан. Расында да бұл ауылдың дүкен сөрелерінен алкоголь, темекі немесе насыбай өнімдерін таба алмайсыз. Бұл хәлге ауылда орын алған қайғылы жағдай себеп болды ,- дейді ауыл ақсақалы Зиятбек Тазабекұлы

«Осыдан 10 жыл бұрын біздің мектеп тестілеу сынағынан екінші орынға ие болды. Жас мұғалімдер, бірнеше жігіт жиналып, бұл қуанышты атап өтуді шешді. Жетістіктерін тойламақ болған мамандардың екеуі өкінішке орай дүниеден озды. Біз ауыл тұрғындарымен толық жиналып, жас-кәрісі болсын бас қосып алкогольден бір жолата бас тартайық деген ымыраға келдік.Осылайша, ауылдағы дүкендерде алкоголь сатуға тыйым салынды»

Содан бері ауылда бірде-бір адам бір тамшы алкоголь ішпеген. Нәтижесінде,отбасылар тату-тәтті. Қазіргі таңда жусансайлықтардың бос уақыты жоқ деуге болады. Таңертеңнен кешке дейін отбасына нәпақа табамыз деп тұрғындар еңбектенуде ,- дейді ақсақал

«Мұнда әр отбасының бірнеше гектар жері бар. Адамдар егіншілікпен айналысады. Бидай, беде, қызанақ отырғызады», – деп жалғастырды ақсақал.

Сонымен қатар, адамдар инженерлік коммуникацияларды төсеуге және маңызды объектілерді салуға қаражат бөлуді күтпей-ақ, өз мәселелерін өзара шешуге тырысады.
«Біз мешіт салуды жоспарладық. Әрқайсымыз ортадан ақша шығара бастадық. Бірісі ақшалай жәрдем берсе,ал бірі ірі қара малдарымен бөлісті. Бірақ құрылыс үшін жинаған дүниеміз жетпеді. Сол кезде біздің ауылда туып-өскен Әбдірашид деген жігітке көмекке жүгіндік. Ол кәсіпкер. Біздің өтінішімізді жерге тастамаған ол, ақшаның да, малдың да керек еместігін айтып, өзі ауылына мешіт салып беремін деді. Содан кейін біз жолдарды өзара бөлдік. Батпақ,лай болмасны деп оларды қиыршық таспен толтырдық. Содан кейін біздің ауылдан шыққан тағы бір Мақсат есімді кәсіпкер ауылдағы көшелерді асфальттап берді.Жаңа жолдың жалпы көлемі 5 км құрайды»
Ал ауыл тұрғындарына ақырындап ағын су қосылуда. Осылайша Ордабасы ауданының Жусансай ауылында тұратын адамдар көп жыл бұрын ішімдіктен бас тартып, өз елін қылмыстан, маскүнемдіктен және ажырасудан ада аумаққа айналдырған. Ал көрші ауылдар оларға қарап, өмір сүруді де шешті.