Орталық қазандық толығымен көгілдір отын арқылы жүзеге асуда

121

 

Түркістан қаласында жылу беру маусымына дайындық қызу жүргізілуде. Бүгіннен бастап І және ІІ мөлтекаудандағы бюджеттік және әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу энергиясы беріледі.

Ал, 26 қазан күні «Жылу» МКК қарасты «Отырар» ықшамауданындағы №2 қазандық бойынша 12 көпқабатты үйдегі 744 пәтерге сондай-ақ, №3 қазандық бойынша 17 үйдегі 996 пәтерде жылу толығымен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің «Жылу энергиясын пайдалану қағидасы туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрық бойынша қатарынан 3 тәулік сыртқы орташа ауа температурасы +8С төмен болған жағдайда жылу беру маусымын ертерек бастауға жергілікті атқарушы органның шешімімен бастауға болады. Бүгінгі күнге дейін + 8 С температурасы Түркістан қаласында орын алған жоқ. Дегенмен, тұрғындар өтінімі бойынша уақытынан ерте жылу беру маусымы басталғалы отыр.

Айта кетейік, 2020-2021 жылу беру маусымынан бастап орталық қазандық толығымен көгілдір отын арқылы жүзеге асуда.