Шымкент пен Түркістан облысында күн суытады

164

Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін, 23-ші  қазанда  Түркістан облысының кейбір жерлерінде жауын-шашын болады.

Таулы аймақтарда жаңбырдың арты қарға ұласады. Түнде ауа температурасы +1, +3 градус болса, таулы жерлерде -3 градус үсік орын алады деп күтілуде. Күндіз сынап бағанасы +10,+15 градусты көрсетеді. Алдағы сенбі және жексенбі күндері  бұлтсыз, түнде ауа температурасы 0+5, таулы аймақтарда -2 градус, үсік болуы ықтимал. 24 мен 25-ші қазанда күндіз ауа температурасы +10+15 градус болады.

Арайлым Маханова, инженер-синоптик: «Шымкентте 23-ші қазанда  жаңбыр  болуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +11+13 градус, түнде  +7 градус.  Сенбі және жексенбі күндері  күндіз сынап бағанасы   +12 +14 градус жылылықты көрсетеді».

Шынар Оразова