Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов 10 айда атқарылған жұмыстарының есебін баяндады. Жалпы 2020 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша басқарманың бюджеті 2 790 641,3 мың теңгені құрап, қаржы толық игерілді.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны – 40 752 азамат. Оның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1663, көпбалалы отбасылар – 6129, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 13576, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 19357, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар санаты – 27.

Жыл басынан бері тұрғын үй кезегіне құжат тапсырғандар – 11280. Кезекке тіркелгендері – 4530.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында арендалық тұрғын үй бағыты бойынша 1596 пәтер берілді. Ұлы отан соғысы ардагерлері – 2, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 48, көпбалалы отбасылар – 450, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 192, жұмыс істейтін жастар – 904.

Сондай-ақ, азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары орындалды. 2020 жылы тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар (отбасы мүшелерімен бірге) бойынша 118 678 өңдеулер (корректировка) жүргізіліп, иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елді-мекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу себептерімен 4456 азамат тұрғын үй алу тізімінен шығарылды.