№103 учаскесі сайлауға сақадай-сай

345

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауына бүгінде Шымкенттегі сайлау учаскелері дайын. №7 мектептің ғимаратында орналасқан №103 сайлау учаскесінде сайлаушылардың тізімі анықталды. Ол электрондық жүйеде. Сондай-ақ  учаскеде  дауыс беру кабиналары, бюллетень жәшігі дайындалған.

Айта кететін жәйт, учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау күні дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Сонымен қатар, шаһардағы карантинге қатысты  комиссия мүшелері  қорғаныс медцициналық құралдармен қамтылған. Ол бетперде, қорғаныс маскасы, медициналық қолғап, санитайзерлер. Сайлаушылардың дене температурасын өлшейтін заманауи құрылғы да бар. Санитарлық талаптарды сақтауға барлық жағдай жасалған.

Роза Сауқымбекова, №103 сайлау комиссиясының төрайымы: «Шымкент қалалық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша комиссия мүшелері семинарда дәріс алып, «Сайлау» туралы  заңындағы  барлық тараптың міндеттері, құқықтары жайлы ақпараттандырылды. Бүгінде оқу семинары өтеді. Бұл сайлаудың әділ, заң шеңберінде өтуіне көмектеседі. №103 сайлау учаскесінде 2572 сайлаушымыз бар. Егерде біздің аумақта тұратын азамат тізімге енгізілмеген болса, біз барлық мәліметтерін анықтап, ол  сайлаушыны тізімге енгіземіз. Әзірге ешқандай арыз түспеді».

Шынар Оразова