Автобуста жол ақыны Beeline теңгерімінен төлеуге болады

221

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Ешқандай нақты ақша немесе банк картасы керек емес. 2222 нөміріне көлік коды көрсетілген SMS жібер. Ескерту: код автобус салонындағы жапсырмада. Бір секунд – содан соң электронды билеті бар SMS келеді.

Жолақы 70 теңге, SMS жіберу құны – 0 теңге. Қызметті барлық бағыт автобусында қолдануға болады.

Жол жүрер алдында теңгерімді тексеруді ұмытпаңыз: *102#