Шымкент: Патрульдік полиция полкі 100 пайыз электронды планшетпен қамтылған

175

Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері электронды планшеттермен толықтай қамтылған. Сондай-ақ, бейнежетон және радиоқабылдағыш құрылғыларымен жарақтандырылған.

Күнделікті қызмет барысында электронды планшетпен әкімшілік хаттамалар толтырылады. Құрылғы көмегімен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің дерек қорынан қажетті мәліметтерді алу мүмкіншіліктері қарастырылған. Ал бейнежетон құрылғысының көмегімен тәулік бойы атқарған жұмыс барысы түсіріліп, қажетті жайттар арнайы мұрағатқа сақталады.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол көлік апатын алдын алу, жол ережесін қасақана өрескел түрде бұзушыларды анықтау, оның ішінде түнгі уақытта тыныштықты бұзу дәйектеріне жол бермеу, ұялы телефон пайдалану, басып озып кету, автокөліктерді масаң күйде басқару, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, маневрлеу, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесінен өту секілді құқықбұзушылықтарды анықтау бағытында қырқынды жұмыс атқаруда.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының ПД