Түркістанда «Hampton by Hilton Turkistan» қонақ үйі ашылды

644

 Түркістанда «Hampton by Hilton Turkistan» өңірдегі Hilton желісінің алғашқы қонақ үйі ашылды. Әлемдегі ең ірі қонақ үй корпорацияларының бірі рухани астананың қақ ортасында, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанында орналасқан.

BI Group құрылыс холдингі кірпішін қалаған. Өткен жылы Компания Hilton Worldwide компаниясымен Орталық Азияда Hampton by Hilton 10 қонақ үйінің құрылысы туралы бас келісімге қол қойған еді. Ашылу салтанатына «Отырар» телекомпаниясының түсірілім тобы да қатысты.

Түркістан күн санап мыңдаған туристердің назарын аударуда. Енді облыс орталығының барлық қонақтары үшін «Hampton By Hilton» қонақ үйі өз жұмысын бастады. Қонақ үй өткеннің және қазіргі заманның дәстүрлерін сәтті үйлестіре отырып, ерекше стилімен үйлесім тапқан.

Халықаралық деңгейдегі мейрамхананың ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев пен Hampton by Hilton Turkistan бас менеджері Анар Байболова арнайы қатысты.

Анар БАЙБОЛОВА, «Hampton By Hilton Turkistan» бас менеджері: «Біз барлық санаттағы саяхатшыларға қызметімізді ұсынамыз, бұл біздің брендтің басты ұстыны. Келушілерге керемет таңғы ас ұсынамыз, салауатты тамақтануды хош көретіндер үшін арнайы желі бар. Салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін бірінші қабатта мейрамхана, фитнес залымыз бар. Барлық жағдай қарастырылған».

Hampton By Hilton Түркістан мен бүкіл түркі әлемінің тарихын ұмытпай, ең заманауи дүниелердің бәрін бір арнаға тоғыстырды. Қонақ үй Түркістанның мәдени-рухани орталығында, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретін тарих және мәдениет ескерткішіне жақын орналасқан.

Оғыз Орман Түркістанға Нұр-Сұлтан қаласынан келген қала қонағы. Ол алдымен басқа қонақ үйге жайғасқан екен. «Hampton By Hilton-ның ашылғаны туралы естіп, ойланбастан жаңа қонақ үйге қоныстануға шешім қабылдапты.

Огуз ОРМАН, қонақ: «Білесіз бе, қонақ үйдің ашылғанын біліп, бірден көшуді ұйғардым, маған қатты ұнады. Мен ылғи да осы желіні таңдап жүргенмін. Мұнда барлығы өте қолжетімді және ыңғайлы».

Жаңа қонақ үйдің құрылысы аймақтағы туризмді дамытудың басты мәселелерінің бірі – қызмет көрсету саласын жақсартуға ықпал етеді. Қонақ үйдің бөлме қоры стандартты санаттағы 120 бөлме, бағасы 19 000 теңгеден басталады. Қонақ үйде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелер де қарастырылған.

Hampton by Hilton Turkistan-BI Group және Hilton Worldwide екінші бірлескен жобасы. 2017 жылы холдинг Нұр-Сұлтан қаласында Hilton Astana нысанын тұрғызды. Келер жылы компания Ташкент қаласында Hampton қонақ үйінің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.