Шымкент: Өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 9 жағдай анықталды

272

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 29 қаңтарға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5835 жағдайы тіркелген. Оның 2977-і симптомды болса, 2858-і симптомсыз. Нәтижесінде 5381 адам емделіп шыққан.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қалада 1060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 918-і бос. Ал, жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 142 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Десе де мамандар вирустың қаупі әлі де сейілмегендігін айтады. Бұл ретте тұрғындар енгізілген карантиндік режимді, санитарлық талаптарды орындап жүруі тиіс .