Úı ANONS Үш мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды

Үш мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, әлеуметтік бағытта – білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет және туризм салаларында бірқатар жұмыстар атқарылды.

2018-2020 жылдары қалада 95 балабақша ашылды. Нәтижесінде 3-6 жас аралығында балабақшамен қамту 100%-ды құрады. Қалада 21 үш ауысымда және апатты жағдайда оқытатын мектептер бар. 2020 жылы 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілді. Жыл соңына дейін 5100 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымда және апатты жағдайда оқытатын мектептер саны 13-ке дейін төмендеді.

2020 жылы 6,3 млрд.теңгеге 7 медицина мекемесінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Материалдық-техникалық жабдықтауға 5,2 млрд. теңге қаралды.

2018-2020 жылдары қала бойынша 64 026 жұмыс орыны ашылған. Осы мерзімде 101 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған, оның ішінде жастар практикасына – 9 мың адам, қоғамдық жұмысқа – 8,9 мың адам жолданған. Кәсіби оқумен 7,8 мың адам қамтылған. Оның ішінде 2 943 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды.

Қала бойынша 878 спорт нысаны бар. Осы жылдары барлық қаржыландыру көздерінен 74 спорт нысаны ашылды. Бұқаралық спортпен айналысушылар саны 2018 жылы 27,3% — ды құраса, 2020 жылы 30 %-ға жетті.

Exit mobile version