Газ толтыру компрессорлық станциясын сәуір айына дейін іске қосу жоспарлануда

123

 

Шымкент қаласында автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясының (АГНКС) құрылысы жоспарға сай атқарылуда.

2020 жылы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында метан газымен жүретін 590 автобус алынды. Аталған автобустарды газ-метанмен қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында газ толтыру компрессорлық станцияларын салу жоспарланған еді.
Бұл ретте отандық инвестор «АГНКС Қазақстан» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, газ (метан) станциясын өз есебінен салу келісілген. Инвестицияның көлемі – 2 млн АҚШ доллары.

Бүгінгі таңда нысанда метал конструкцияларын орнату, инженерлік желілерді өткізу және құрылғылардың монтаж жұмыстары жүргізілуде. Газ компрессорлық станциясын биыл сәуір айына дейін іске қосу жоспарлануда.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі