Парасаттылық құндылықтары талқыланған жиын өтті

116

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда.

Бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізілуде.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали және оның орынбасарлары Т.Серікбаев және Б.Ұзынжас Төлеби ауданы әкімі аппаратының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралармен қатар, Төлеби ауданының сәулет, құрылыс, қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісіне қатысты ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыну қаралды. Департамент басшысы А.Жұмағали қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерден хабардар етті. Сондай-ақ, ол ел экономикасының дамуына тікелей кедергі келтіретін қауіпті дертке бүкіл қоғам болып қарсы күрес жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Парасаттылық парақорлықтан сақтандыратынын жеткізіп, адал қоғам қалыптастыру өз қолымызда екендігін атап өтті. Онлайн шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Сонымен қатар, аталған лауазымды тұлға мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам бола тұра, қызмет бабын пайдаланып, парақорлыққа делдал болғандығы хабарланып, қатысушылар мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеуге шақырылды.

Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Л.Серікбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әкімдік тарапынан атқарылған жұмыстармен таныстырып, кездесуде айтылған мәселелер қызметкерлерді ойландыратындығына сенім білдірді.