Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?

334

Наурыз мейрамын тойлау кезінде Қазақстан халқы бес күн қатарынан – 20-24 наурыз аралығында демалады

Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз айында 12 күн демалады.

Наурызда қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.

Халықаралық әйелдер күні биыл дүйсенбіге түсіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады, – деп хабарлайды Sputnik. 

Оқи отырыңыз: 2021 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі

Наурыз мейрамын тойлау кезінде ел тұрғындары бес күн – 20,21,22,23,24 наурызда демалады. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сәрсенбі 24 наурызға ауыстырылды.