Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы автомобиль жолдары және қоғамдық көлік саласын дамытуға бағытталған бірқатар нысандардың құрылыс барысын аралап көрді.

Бүгінде Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығы құрылысы қарқын алған. Қазіргі таңда 3,3 шақырым су, газ құбырларының орнын ауыстыру, тоннел қазу (150 м), тіреу қабырғаларын құю (130 м), бағана орнату (7 дана) және 90 дана қада құю жұмыстары орындалды.

Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін, ал Рықұлов көшесін көліктердің қозғалысы үшін 1 қарашаға дейін ашу жоспарлануда.

Жалпы жолайрықтың құрылысын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау міндеті тұр.