Бүкіл елді дүрліктірген Аяжан Еділованың өліміне күдікті деп танылған түркістандық туралы тың ақпараттар шықты. Атышулы іске кінәлі болуы мүмкін Рахымберді Төребеков Шымкенттегі фармацевтика академиясында оқыған.

Ол білім ордасына 2012 жылы грантқа түсіпті. Алайда екінші курстан кейін үлгерімінің төмендігіне байланысты оқудан шығарылған. Осылай деген оның ұстаздары шәкірттің дау дамайдан алыс жүретінін айтады. Және аталған жағдайды естіп таң қалғандарын жеткізді.

Қанат ДӘУРЕНБЕКОВ, ОҚМФА фармацевтика факультетінің деканы: “Болған жағдайға біз де алаңдап отырмыз. Біздің білім ордамызға айтарлықтай дақ түсірді. Оқу ордамыздың мұндай атақпен танылғанын қаламаймыз. Ұстаздарының сөзінше ол өте тыныш бала болған. Ешкіммен керісіп, дауласқанын көрмегенбіз дейді”.

Есесіне, қанды оқиғаға қатысы болуы мүмкін азамат мектепті өте жақсы оқыған. Білім ұясын алтын белгіге бітірген оның ата- анасы да мұғалім болған екен. Бұған дейін Шардара ауданы Жаушықұм ауданында тұрған оның отбасы 3 жыл бұрын Түркістан қаласына қоныс аударған екен. Күдіктінің отбасында 3 бала бар.

Назерке Үкібасова