Денсаулыққа пайдасы мол жер асты суын Ордабасы ауданында емдік мақсатта пайдаланып, сауықтыру туризмін дамыту көзделіп отыр.
Сапар барысында облыс басшысы Шұбарсу ауылындағы жекеменшік емхананың жұмысымен танысты. Ауысымына 250 адам қабылдауға қуатты медициналық мекемеде 125 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауданда 51 денсаулық сақтау мекемесі бар.
Облыс басшысы іс-сапарын Шұбарсу ауылындағы күрделі жөндеуді қажет ететін Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектептің жағдайымен танысудан бастады.
Екі гектарға қызанақ, қияр өсірумен айналысатын азаматтар облыстың ғана емес, республикасының бірқатар қалаларын қамтиды. Ордабасы ауданында жылыжайдың жалпы аумағы 87 гектарды құрайды. Биыл жылыжай көлемін тағы 20 гектарға арттыру көзделуде.
Шынар Оразова