Уақытша уытсыздандыру орталығына 10 тұлға жеткізілді

158

Абай ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша күнделікті рейдтер өткізілуде

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Ағымдағы жылдың 10-11 наурыз аралығында 8 мөлтек ауданының аумағында жүргізілген іс-шара барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 153 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 22 хаттама толтырылды;

ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша – 10 хаттама; ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша – 14 хаттама; ҚР ӘҚБтК-нің 615 бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша – 25 хаттама толтырылды; және өзге де құқық бұзушылықтар. Уақытша уытсыздандыру орнына 10 тұлға жеткізілді.
*