Енді қазақстандықтар коронавирус жұқтырған азаматпен байланыста болғанын ұялы телефон қосымшасы арқылы біле алады. Бұл туралы еліміздің цифрлық даму министрі мәлімдеді.

«Сақ бол» бағдарламасын таныстырған Бағдат Мусин бұл жүйенің анонимді болатынын ескертеді. «Осы жүктемеге қосылу арқылы тұрғындар өз денсаулығын сақтайды» дейді ведомства басшысы.

Бұдан бөлек, министр вакцинаға қатысты егов қосымшасын да айтты. Сөзінше бұл жүйеге әр қазақстандық қосылу керек. Осы арқылы кімнің вакцина салдырған, салдырмағаны анықталмақ.

Назерке Үкібасова