Сауда орталықтарында COVID-19 қарсы вакцинациялау жалғасуда

195

Халыққа жақын және қолжетімді болу үшін Шымкент қалалық №1  емхана қызметкерлері сәуірдің 16-жұлдызынан бастап «Орталық» әмбебап сауда орталығының жылжымалы бекетінде қала тұрғындарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жасауда.

Екпе алушы алдымен дәрігердің қабылдауынан өтіп, екпе салдырады. Екпеден кейін 30 минут бойы дәрігердің бақылауында болады. Екпе салу сенбі, жексенбі күндері, кешкі сағат 20:00ге дейін жалғасады.