Шардарада дзюдо залы ашылды

175

Армрестлинг спортымен белгілі Шарадарада енді дзюдо залы ашылды. Ал, оның тұсауын өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев кесті.

Аудан жастарымен кездескен аймақ басшысы болашақ чемпиондарға сәттілік тілей отырып, дәл осы аумақтың талай талантты спортшыларды баптағанын да тілге тиек етті.

Айта кетейік, шағалалы өңір ел атын қол күресімен танытып жүрген балуандарға бай. Мұнда 48 Әлем чемпионы, 316 ел чепионы және 144 Азия чемпионы бар. Бұл спортшылар жаңадан ашылған залда қосымша бокс, күрес, каратэ, найза және ядромен де шұғылдана алады. Ал, аймаққа арнайы барған Өмірзақ Шөкеев жастарға америкалық спорт жабдықтарын сыйға тартты.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі: “Армрестлингтен Түркістан облысы емес Қазақстанды әлемге паш етіп жүрген спортшылар осы клубтан шығып жатыр. Жалғыз осы клубтан. Жүздеген чемпиондар бар қазір. Енді бұл клуб әрі қарай дамып жатыр. Меніңше спорттың болашағы осындай жеке клубтарда”

 Назерке Үкібасова