Úı Jańalyqtar Шымкентте жаңа заманауи тұрғын үй кешенінің құрылысын іске асыру бойынша меморандумға қол...

Шымкентте жаңа заманауи тұрғын үй кешенінің құрылысын іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкент мегаполисындағы жаңа заманауи тұрғын үй кешенінің құрылыс жобасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен инвестор — Қытай мемлекетінің «Jiang Lian International Engineering Co., Ltd.» компаниясы арасында өзара ынтымақтастықты орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандум Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 01 қыркүйек 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын, 2021 жылғы 25 ақпандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (НСОД) V отырысында сөйлеген сөзіндегі экономикалық және саяси реформалар, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, цифрландыру, адамдардың құқықтарын қорғау, экологиялық проблемаларды шешу сияқты нақты шаралар мен бастамалардың 5 негізгі блогындағы талаптарды, «Нұр-Отан» Партиясы әзірлеген 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын» орындау аясындағы мақсаттар мен міндеттер негізінде жасалды.

Меморандумның негізгі мақсаты: Шымкент мегаполисындағы жаңа заманауи тұрғын үй кешенінің құрылыс жобасын іске асыру; инвестиция тарту; қазіргі заманауи талаптарға сәйкес «Open Space» форматында Департаментке қызметтік кеңсе салу; мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығын ашу; мүгедектерге арналған инклюзивті бала-бақша, әлеуметтік дәріхана мен мүгедектердің арнайы құрал-жабдықтарын (мүгедектерге арналған кол арба, балдақ және т.б.) жөндеу ұстаханасын және де осы блоктың жанында мүгедек балаларға арналған ойын алаңын салу болып табылады.

Exit mobile version