Түркістанда жаңа су қоймасы салынды

121

Түркістанда жаңа су қоймасы салынды. Кеңсай-Қосқорған-2 деп аталатын су қоймасы ағын су мәселесінің шешілуіне септігін тигізеді дейді сала мамандары.

Бұл жоба өткен жылы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың бастамасымен қолға алынған еді. Жобаны жеке бақылауында ұстаған аймақ басшысы ел игілігі үшін қолға алынған тағы бір тындырымды істің аяқталғанына куә болды.

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында «Түркістан магистральдық арнасы» күрделі жөндеуден өтуде. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы барлық су арналары цифрлы жүйеге көшеді деп сендірді сала жауаптылары.

Мөлдір Ибадуллаева